$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Индонезия астанасында он мыңға жуық адам ереуілге шықты

AstanaTV
11.12.2014ж. 10:00
1306
Индонезия астанасында он мыңға жуық адам ереуілге шықты

Индонезия астанасы Джакартада жұмысшылар кәсіподағының ұйымдастыруымен он мыңға жуық адам ереуілге шықты. Олар ең төменгі жалақының мөлшерін көтеруді талап етуде. Бұл туралы деректі жергілікті құқық қорғау органдары келтірді.

Ал, кәсіподақ өкілдері наразылықты үкіметтің елдегі жанармай бағасын 30 пайызға өсіріп жібергенімен байланыстыруда. Қазіргі таңда Джакартада ең төменгі жалақы айына 219 долларды құрайды.

Индонезиялық экономистердің айтуынша, бензиннің бағасымен қатар еңбекақы мөлшерін де ұлғайту елдің экономикасына зиян. Бүгінде Индонезия Оңтүстік Шығыс Азиядағы ірі экономикалық аймақ болып саналады. Осы ретте кез келген шығын түрі елдің экономикалық тартымдылығын төмендетуі мүмкін деседі мамандар.

Жұрағат БАМАН