$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қырғызстанда болжам бойынша инфляция 8 пайызды құрамақ

AstanaTV
11.12.2014ж. 10:00
1156
Қырғызстанда болжам бойынша инфляция 8 пайызды құрамақ

Қырғызстанда «Ата жұрт» фракциясының депутаты Мықтыбек Әбділдаев үкіметті еңбекақы көлемін 90 сомға көтергені үшін сынға алды, - деп хабарлайды «Кешкі Бішкек».

Ақпаратқа сүйенсек, бұл тек екі бөлке нанға ғана жетеді. Бұдан бұрын қырғыз парламенті 2015 жылға арналған бюджет туралы заң жобасын талқылаған. Ал елдегі Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметінше, 2013 жылы тұрғындардың 37 пайызы кедейлік шегінде болған. Бұл 2 миллионнан астам адам. Ал олардың 73 пайызы ауыл тұрғындары.

Әлеуметтік қорғау саласы мамандарының айтуынша, мәселені шешуге ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшерін көбейту көмектеседі. Алайда оны да билік жуырда қысқартып салды.

Әлеуметтік даму министрлігінің қараша айындағы дерегіне сай, ондай көмек қаржы 300 мыңнан астам балаға беріледі. Ал жалақы мәселесі елдегі инфляциямен байланыстырылып отыр. Болжам бойынша ол 8 пайызды құрамақ.

Жұрағат БАМАН

Алдыңғы жаңалық