Астанада Қазақстанның Тұңғыш
Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы сөздерінен құралған көп томдықтың тұсаукесерi
өттi. «Таңдамалы сөздер» атты 7 томдық жинақ
құрамына 9 кiтап енгізілген. Жинақты Президент Кеңсесiнiң басшысы Махмұд
Қасымбеков бастаған редакциялық топ құрастырды. Жинақта Нұрсұлтан Әбiшұлының 1989 жылы
Қазақстан Компартиясының бiрiншi хатшысы болып сайланғаннан бастап, 2013 жылға
дейiнгi сөйлеген сөздерi жинақталған.
Құрастырушының айтуынша, кейбiр тарихи
кездесулердегi Президенттің сөздерiн тiрнектеп жинауға тура келген. Көп томдық
толығымен қазақ тілінде жарық көрген. Енді бұл құнды кітаптың жалғасын басып
шығару да жоспарда бар.
Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері,
ғалым:
Біздің ата тарихымыз жазылмады. Жазылмайтыны оны бізге жаздырмады. Оны біз үшін өзгелер жазды, бұрмалап жазды. Енді кім
біледі, бір Алла біледі, біздің қазақ тарихының тұтас тарихы жазыла ма, жазылмай
ма? Мынау,
сол тәуелсіз Қазақстанның тарихын жазуға үлкен септігін тигізетін, үлкен қызмет
атқаратын асыл қазына деп білемін. Құтты болсын!
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА