Қытай ядролық қару-жарағының қуатын
арттырып жатыр. Және бұл елдің жаңа қуаты
Мәскеу мен Вашингтонға қауіп төндіре алады. Қытай өзінің ядролық қару жасау
тарихында алғашқы соққыға төтеп беретін мүмкіндік алды деген америкалық әскери
сарапшылар пікірін «Взгляд» басылымы
жариялапты.
Сарапшылар, бұл жайт Пентагонды
үрейлендіріп, АҚШ-тың Қытай ядролық бағдарламасына деген көзқарасын өзгертуге
итермелейді деген ойда. Жыл соңына дейін ресми
Бейжің теңізге су асты атом крейсерін жібермек. Су жаңа кемеге орнатылған
баллистикалық зымырандар АҚШ жағалауларына дейін жетуге қауқарлы.
Америкалық сарапшылар осылайша Қытай
теңізді бақылай алатын атом құрылғысына тұңғыш рет қол жеткізіп отырғанын
айтуда. Америка тарапы аспан асты елінде қанша
атом зымыраны барын есептей алмай отырған көрінеді. Қытай ядролық бағдарламасы
жабық болғандықтан, Құрама Штаттар әскерилерінде нақты сан жоқ. Қытайдың
қолындағы баллистикалық снарядтар саны 200-240 дана болса да, ол әлемдегі
ядролық қуаты жоғары үшінші елге айнала алады, деп санайды Ресей қорғаныс
министрлігінің бұрыңғы қызметкері Владимир Дровкин.
Айгүл ӘДЕПБАЙ