Семей қаласының құтқарушылары
Ертіс жағасына жақын тұратын халықты шұғыл көшуге әзір болуды ескертті. Себебі
Ертістің кей бөлігіндегі су көлемі бір тәулік ішінде бір жарым метрге
көтерілген. Сондықтан Түйемойнақ аралы мен Шығыс кентіндегі тұрғын үйлерді су
басу қаупі туды. Қазір құтқарушылар аулаларды аралап, ақпарат парақшаларын
таратып жатыр. Гидрологтар су көлемін әр екі сағат сайын тіркеп, бақылап отыр.
Димитрий Гариков, Шығыс
Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Су көлемінің шекті биіктігі 5
метр. Қазір көрсеткіш 4,26-ға жетті. Кешелі бері су 1,5 метрге көтерілді. Қазір
суға тосқауыл болатын материалы бар арнайы техника дайын тұр. Су көлемі тағы
көтерілсе, «Востоквзрывпромның» көмегіне жүгінеміз.