$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Сиднейде 40 адам тұтқындалды

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1407
Сиднейде 40 адам тұтқындалды

Қаруланған белгісіз топтың Сидней дәмханаларының бірінде, 40 адамды тұтқынға алуына байланысты полицейлер орталық көшелердің бірін қоршауға алды, деп хабарлайды «Рейтерс».

Террористер Австралия президенті Эбботпен келіссөздерді талап етіп отыр. Лаңкестердің бірі күллі Сидней бойынша жарылғыш заттар қойылды деп мәлімдеді. Террористер тұтқындарға терезе алдында «ислам туын» ұстатып қойған. Ал қалған тұтқындар ғимарат ішінде қолдарын көтерген күйінде тұрғаны терезеден көрінеді.

Жергілікті ақпарат құралдары, дәмханада бірнеше қаруланған жауынгер бар деп жазуда. «Взгляд» басылымы Австралия сарапшысына сілтеме жасай отырып, терезеден байқалған жалау «ислам мемлекетінікі» емес, бірақ исламға қатысы бар деп жазды. Олардың пікірінше, тудың дизайны, мәтіні мен қарпі «ислам мемлекеті» белгісінен өзгеше.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ