$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Дик Чейни: «Лаңкестерді азаптау керек» дейді

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1053
Дик Чейни: «Лаңкестерді азаптау керек» дейді

АҚШ экс-вице-президенті Дик Чейни Орталық барлау бюросы қолданған азаптау тәртібін толықтай қолдап отыр. Бұл жайында ол Эн-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, осындай қатаң жазалар тиісті нәтиже берген. Осылайша «Аль-Каида» ұйымының басшысы Усама бен Ладеннің ізіне шықтық, дейді ол.

Еске салсақ, өткен аптада Орталық барлау бюросы Ирактің аталған іске қатысы жоқтығын мәлім етті. Алайда, АҚШ билігі, әсіресе вице-президент Дик Чейнидің ұстанымы өзгермеді. Ол Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар дегеннен де таймады. Бірақ бұл мәлімдеме дәлел таппағаны белгілі.

Еске салсақ, осы аргументтер Ирак аумағына басқыншылық жасауға негіз болған еді. Салдарынан 100 мыңнан астам әскери қаза тапты. Олардың 4,5 мыңы АҚШ әскериі. Сол соғыстан ел әлі күнге дейін есін жинай алар емес.

Дик Чейни, АҚШ экс-вице-президенті:

Жоба сәтті болды. Керек болса оны тағы да қолдар едім. 3 мыңнан астам американдықтың өміріне кінәлі лаңкестерді тек қана азаптау керек еді. Бұл іске жауаптыларды қолға түсіру үшін бәріне де дайынмын.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА