Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ШҚО-да тау шаңғысы ашылды

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1314
ШҚО-да тау шаңғысы ашылды

Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тау шаңғы маусымы ашылды. Қысқы спорт түрлерінің жанкүйерлері үшін саланатты шара ұйымдастырылды.

Осындай шеру «Нұр-Тау» кешенінде өткізілді. Биылғы маусымда шаңғышылар мен сноубордшылар үшін көп жаңалық бар. Шаңғыны алғаш рет тебем дегендерге кәсіби нұсқаушылар көмек көрсетеді. Балалардың шаңғы мектебі де ашылды. Бұдан бөлек, тауда жаңа шаңғы жолдары салынды. Бұл, жылдамдықты арттыруға мол мүмкіндік туғызады, дейді мамандар.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы тау шаңғы курорттары халықаралық деңгейге шығып, қыс бойы мыңдаған туристерді тартуды жоспарлап қойған. Қызмет көрсету деңгейін де жоғарылатып, әлемдік стандарттарға сәйкестендірмекші жергілікті кәсіпкерлер. Қазірдің өзінде бұл өңірге шетелдік шаңғышылар ағыла бастаған тәрізді.

Рон Родригез, оқытушы АҚШ:

Мен мұнда алғаш рет келдім, тамаша жер екен. Әлемге танымал курорттардан еш кем емес, тіпті, артық деп те айта аламын. Дүние жүзінде жарнамаланса, туристер көптеп ағылатыны анық. Мен шаңғы теуіп жүріп, мынадай бас киім сатып алдым. Тамаша, өте жылы, әрі сәнді. Менің достарым қызғанатын болды.

Асан ҚАЛИАХМЕТОВ