$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Семейдегі су деңгейі төмендеп, қауіптің беті қайтты

AstanaTV
15.12.2014ж. 13:00
945
Семейдегі су деңгейі төмендеп, қауіптің беті қайтты

Ертіс өзенінде су деңгейі төмендеп, қауіптің беті қайтты. Ауласы мен қора-жайларын су басқан семейліктер үйлеріне орала бастады. Бұл жөнінде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қонақ үйге көшірілген тұрғындардың басым бөлігі баспаналарына қайта оралды. Восточный ауылы мен Полковничий аралында қауіп сейілген. Ертістің аңғарында жүргізілген жарылыстардың көмегімен су деңгейі төмендей бастады. Қазір жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, Ертістің сағасына мұз бөгелуі салдарынан Семейде 30-ға жуық үйдің ауласын су басты. 48 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арасында балалар да бар. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Құтқару шараларына 200-дей қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА