$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Тұрғын үй нарығындағы ахуал

AstanaTV
22.01.2016ж. 20:00
1368
Тұрғын үй нарығындағы ахуал

Ал тұрғын үй нарығындағы жағдайға келсек, елдің көбінде салқ еткізіп бере салатын ақша жоқ. Несие алатын банктер ұзақ уақытқа рәсімдейтін «ұзын ақшаның» тапшылығын айтып, ипотекалық қарыз беруін қысқартып жатыр. «Сатып алушылар азайса, баға да айтарлықтай түседі», - деген болжам, әдеттегідей, орындалмайтын сияқты. Сатушылардың күткені теңгенің тоқтайтын жеріне барып тұрақтағаны. Ал жалға берілетін үйден дәмелі бюджеттік мекемелерде істейтін адамдар құрылыстың тоқырауынан қорқады.

Жомарт Қолдасбеков, Шымкент қаласының тұрғыны:

Ең тиімді мен үшін «арендное жилье».  Бірақ мен 2012 жылы тұрдым, төрт жыл өтті ме, 1000 ба, 1100 орынға жылжығам. Әлі менің алдымда 2000 орын бар.

Тұрғын үй нарығындағы ахуалды сипаттайтын материал мен Жамбыл облысындағы жаңа туған нәрестелерге байланысты жан түршігерлік оқиғалар жайлы арнайы репортажды ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.