$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Ауласы мен қора-жайларын су басқан семейліктер үйлеріне орала бастады

AstanaTV
15.12.2014ж. 20:00
1235
Ауласы мен қора-жайларын су басқан семейліктер үйлеріне орала бастады

Ертіс өзенінде су деңгейі төмендеп, қауіптің беті қайтты. Ауласы мен қора-жайларын су басқан семейліктер үйлеріне орала бастады. Бұл жөнінде облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қонақ үйге көшірілген тұрғындардың басым бөлігі баспаналарына қайта оралды. Восточный ауылы мен Полковничий аралында қауіп сейілген. Ертістің аңғарында жүргізілген жарылыстардың көмегімен су деңгейі төмендей бастады. Қазір жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, Ертістің сағасына мұз бөгелуі салдарынан Семейде 30-ға жуық үйдің ауласын су басты. 48 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арасында балалар да бар. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құтқару шараларына 200-дей қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды. Семей қаласының әкімдігі арнайы комиссия құрып, бар шығынды есептейді деп уәде беріп отыр. 

Бақыт Нұрмағанбетова, Семей қаласының тұрғыны:

Үйіміз биік болған соң, су ішке кірмеді. Дегенмен жертөле суға лық толды. Гараж да сол. ішінде көлік қалып қойды, оны сыртқа шығара алмадық.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА