Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қысқы қайырымдылық балы аясында 13 миллион теңгеден астам қаржы жиналды

AstanaTV
15.12.2014ж. 20:00
1309
Қысқы қайырымдылық балы аясында 13 миллион теңгеден астам қаржы жиналды

Қысқы қайырымдылық балы аясында 13 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы және «Radisson Hotel Astanаның» ұйытқы болуымен 7-ші рет ұйымдастырылған шара «Бақытты балалық» жобасы шеңберінде өтті. Ертегі желісінде қойылған қайырымдылық балына эстрада жұлдыздары қатысты. 

Жанар Дұғалова, әнші:

Осы тамаша балға қатысу ұсынысын мен қуана-қуана қабыл алдым. Меніңше, мұндағы қонақтар, әртістер мен бишілер - барлығы да бір игі іске үлес қосуда. Негізі, осындай қайырымдылық шаралардың барынша жиі өткізілгенін қалаймын.

Жиналған қаржы аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған білім беру бағдарламаларын қолдауға жұмсалмақ. Айта кетейік, қайырымдылық аукционында Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғап саудаға шықты. Сондай-ақ «Тур де франс» жеңімпазы Винченцо Нибалидің сары жейдесі және Месут Озил, Дэни Уэлбек пен Оливье Жиру секілді футбол жұлдыздарының қолтаңбасы бар доптар мен жеңіл жейделер сатылды. 

Жұрағат БАМАН