$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Торғай ЖЭС-сын салуға түріктер кіріспек

AstanaTV
19.12.2014ж. 13:00
1418
Торғай ЖЭС-сын салуға түріктер кіріспек

Торғай жылу электр стансасын түріктер салатын болды. Бүгін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен түріктің «Eren energy elektrik» компаниялары жылу электр стансасын салу бойынша меморандумға қол қойды.

Қос компания электр станциясымен қоса көмір кешенін игеретін бірлескен кәсіпорын құруды да жоспарлап отыр. Бүгінде шетелдік компания жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісті. Жылу электр стансасы 2021 жылы іске қосылмақ. Ол Қостанай мен Ақтөбе облыстарындағы энергия тапшылығын толық шешеді деп жоспарланған. Бүгінде Қостанай өңірінде электр тапшылығы 600 мегаватқа жеткен. Жылу электр стансасының қуаттылығы 1320 мегаватт болады деп жоспарланған. Инвестиция көлемі 3-4 млрд доллар аралығында болмақ.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы:

Бұл жұмысты жүзеге асыруда «Тау-Кен Самұрық» көп жұмыс атқарды. Бүгін міне, жоба жүзеге аспақ. Бұл станция Қазақстанның энергетикалық саласын дамыту стратегиясының жоспарына қойылған. Жобалау жұмыстары бір жылдай уақыт алады. Одан соң құрылыс басталады. Түрік компаниясы Торғайдағы көмір сапасын жан-жақты зерттеді. Олардың ірі көмір станцияларын салуда тәжірибелері жоғары.

Қуаныш Бектеміров, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық активтерді басқару жөніндегі бас директоры:

Біз тек түрік компаниясы емес, сонымен қатар қытай компанияларын да қарадық. Соның арасында түркі компаниясына тоқтадық. Торғай облысында 20 млд тоннадан асады. Қазіргі станция салатын жерде 1 млрд 100 млн тонна бар. Көмір жылына 10 млн тоннаға дейін үнемделсе 100 жылдан асады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ