«Қарыздан құтылмасаң, жайбарақат жүре
алмайсың». Шымкенттік сот орындаушылары
әкімшілік айыппұлдан жалтарған азаматтардан берешек соманы өндіруге белсене
кірісті. Міндетті төлемдерден қашқан жүргізушілерге қолданылатын жаза да
анағұрлым қатаң. Мәселен, заң бойынша қарызы қордаланған азаматтың жылжымайтын
мүлігін немесе көлігін тәркілеу, банктегі есеп-шотын жабу қарастырылған. Борышкерлерді
үйінен табу да оңай емес.
Алайда, сот орындаушылары мұндайлармен табанды түрде
күреспек. Осы мақсатта оларға учаскелік полицейлер мен көлік инспекторлары
көмектеседі. Бірлескен топ тиісті қаржыны қазынаға қайтару үшін барын салуға
бекініп отыр. Әкімшілік айыппұлдар негізінен жол ережесін бұзғандарға салынады.
Қараша айында қаладағы бір ғана Абай ауданының сот орындаушылары борышкерлерден
11 млн теңге айыппұл өндірді.
Марат Қуандықов, сот орындаушы:
Айыппұл төлемеген жағдайда борышкерлердің үйінде оргтехникаларын,
мүліктерін алатын боламыз. Одан бөлек
борышкерлердің есеп-шоттарына тыйым саламыз. Ақшалары көп болған жағдайда бізде
«Бүркіт» бағдарламасы бойынша шетелге шықпауға шейін шектеулер қойылады.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА