$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ресей думасы банктерді триллион рубльге қосымша қаржыландыру туралы заң шығарды

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1403
Ресей думасы банктерді триллион рубльге қосымша қаржыландыру туралы заң шығарды

Ресей Мемлекеттік думасы банктерді триллион рубльге қосымша қаржыландыру туралы заң шығарды. «Бұл салымдарды сақтандыру агенттігі арқылы жүзеге аспақ», - деп хабарлайды ТАСС. Ресей қаржы министрі Антон Силуанов бұл әрекет банк жүйесінің капиталын 13 пайызға арттыруға сеп болады дейді. Ал осы тұста елдегі ірі киім-кешек сатушылар дүкендерге тауар жеткізуді тоқтатқан.

«Ведомости» басылымы сауда-саттықты Zara, Armani Jeans, Michael Kors сынды көптеген брендтердің тежеп отырғанын жазады. Бұған компаниядағылар рубльді валюта құнымен қайта есептеуге асықпайтындығы себеп. Оған қоса сатушылардың жаңа топтамаларға ақшасы жоқ. Рубльдің құнсыздануынан бар қаражат ескі топтаманы алуға жұмсалған. Ал соңғы күндері Ресей құнды қағаздар нарығынан шығып кеткен капитал 381 млн долларға жетті. Бір апта бұрын ол 125 млн доллар болған.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ