Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Пәкістанда 140 адамды ажал құштырған тәлібтер шабуылды тоқтатпайтынын мәлімдеді

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1473
Пәкістанда 140 адамды ажал құштырған тәлібтер шабуылды тоқтатпайтынын мәлімдеді

Пәкістанда білім ошағын ойрандап, 140 адамды ажал құштырған тәлібтер шабуылды тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы бейнехабарламаны The Wall Streeet Journal таратты. Ал Пешеварада оқушылар сабаққа баруға қорқақтап отыр. Қазір Пәкістанның барлық қалаларында тұрғындар наразылық танытуда. Олар биліктен тәлібтерге қарсы шара қолдануды талап етеді. Бұған жауап ретінде Пәкістанның әскери әуе күштері 60 содырдың көзін жойды.

Айта кетейік, мектепке жасалған шабуыл кезінде шамамен 140 адам опат болды. Оның көбі оқушылар.Тәлібтер жағы автомат, граната және жанкешті белдігімен жарақтанған. Дәл осы мектепте офицерлердің балалары білім алады. «Талибан» өкілдері мұны кек қайтару операциясы деп атады.

Ал, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан басшысы Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ