Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандықтардың 30 пайызы отандық дәрігерлердің жайбасарлығына наразы

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1121
Қазақстандықтардың 30 пайызы отандық дәрігерлердің жайбасарлығына наразы

Қазақстандықтардың 30 пайызы отандық дәрігерлердің жайбасарлығына наразы. Олар ауруханалардағы ұзын сонар кезекке шағымданады. Мұндай деректі Мәжіліс депутаты, Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская келтірдіМамандар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру қажеттігін мойындайды. Әсіресе бұл мәселе жергілікті жерлерде өткір күйінде тұр.

Тұтынушылар лигасы мен Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта жаңа жоба бастаған. Лиганың ресми сайтында тегін заңгер көмегіне жүгініп, жедел желіге хабарласып кеңес алуға болатыны жазылған. Ал Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өңірлердегі медициналық ұйымдар мен олардың рейтингі туралы ақпаратты көпшілікке таратуда. Емделушіге соған қарап-ақ таңдау жасауға болады. Министрліктің мәліметінше, жылына 800 мыңдай тұрғын емдеу мекемесін өз еркімен таңдайды екен.

С
ветлана Романовская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті:

Дәрігерге бармастан бұрын, біздің  немесе министрліктің ресми сайтына кіріп көріңіз. Нақ сол дәрігер, сол клиника туралы не жазылғанымен танысыңыз. Мемлекеттік кепілдендірілген заң қызметі ретінде оған бюджеттен арнайы ақша бөлінген. Әрине, өз қалтаңыздан ақша шығарып та кеңес алуға болады. Бірақ тегін қызмет тұрғанда, несіне шығындалып әуре боласыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ