$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұлттық банк: Қазақстанда валюта тапшылығы жоқ

AstanaTV
19.12.2014ж. 20:00
1349
Ұлттық банк: Қазақстанда валюта тапшылығы жоқ

«Қазақстанда валюта тапшылығы жоқ». Бұл туралы Ұлттық банк ресми мәлімет таратты. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығы жоқ екенін мәлімдейді. Ұлттық банк пен оның филиалдары облыстар мен Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалды күнделікті бақылап отыр. Айырбастау пункттері екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк тарапынан  шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген».

Осындай мәтіндегі ресми хабарлама банктің сайтында жарияланды. Еліміздің бірқатар аймақтарында доллар мен еуроның, Ресей рублінің жоғалып кеткенін кешегі жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Көрші елдегі экономикалық ахуалды пайдаланып қалғысы келген қазақстандықтар соңғы уақытта шетел валюталарын көптеп сатып алып, Ресейден тауар тасуға қызу кірісіп кетті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА