$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қазақстан Президенті Ресейге аттанды

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
989
Қазақстан Президенті Ресейге аттанды

Қазақстан мен Ресей басшылары екі ел арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойды. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына барған сапарында жүзеге асты.

Кездесуде Елбасы 1 қаңтардан жұмысын бастайтын жаңа одақтың маңыздылығына тоқталды. «Биыл Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойдық. Барлық кедергілерге қарамастан, біз бұл ұйымды қолдауға және оны өміршең етуге тиіспіз», - деді Қазақстан басшысы.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА