Алматы
қаласын газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесінің өзекті тұстары
баршылық. Әсіресе, энергетикалық активтерді жекешелендіру жайы аса ұқыптылықпен
қарауды қажет етеді. Бұл туралы журналистермен кездесуде Алматы әкімі Ахметжан
Есімов мәлімдеді. Айтуынша, энергетика саласында жүргізілген алғашқы
жекешелендіру тәжірибесіне сүйене отырып бірталай іс тындыруға болады.
Инвесторларға қойылатын талап та күшейтілуі тиіс. Бұл істі «Самұрық-Қазына»
қадағалайды деп сендірді әкім. Сондай-ақ ол Қапшағай су электр стансасының
сатылымға қойылғандығы туралы ақпаратпен де бөлісті.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының
әкімі:
Ашығын айтсақ, Қапшағай су
электр стансасына деген сұраныс өте жоғары. Себебі аталмыш стансадағы электр
қуатының өзіндік құны жылу стансаларына қарағанда төмен. Қаладағы тариф осы Қапшағай
ГЭС-інің
төмен тарифімен реттеледі.Осы себепті, біз мәселені кешенді түрде шешпекпіз.
Ахметжан
Есімовтың айтуынша, қазір Алматыда қосалқы станция құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, жеке секторларды газбен қамтамасыз ету ісі де аяқталып келеді. Шаһардағы
қоғамдық көліктерді газға көшіру, базарларды сүру, айналма жол салу мен
жүргіншілер жолақтарының құрылысы да жалғасуда. «Келер
жылдан бастап жаңа «Мәскеу» және «Сайран» метро стансалары қолданысқа берілмек»,-
деді әкім.
Жұрағат БАМАН