Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шымкенттегі екі қабатты үйдегі жарылыс - табиғи газдың қордалануынан болды

AstanaTV
22.12.2014ж. 13:00
1210
Шымкенттегі екі қабатты үйдегі жарылыс - табиғи газдың қордалануынан болды

Шымкенттегі екі қабатты үйдегі жарылыс - табиғи газдың қордалануынан болды. Бұл деректі Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма нақтылап отыр. Сенбі күні ымырт шақта жарылыс бірінші қабаттағы пәтерде болды.

Төтенше жағдай мамандарының дерегінше, әуелі қатты жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Сегіз пәтерлі баспанада барлығы жиырма үш адам тұрған. Абырой болғанда адамдар дін аман. Куәгерлер апат орын алған пәтер иесін құлаған қабырға басып қалып, астынан әзер шықанын айтқан.

Мәлім болғанындай, пәтер иесі сол кеште ас үйде сіріңке тұтатқан кезінде қатты дүмпу болған. Демалыс күндері оқиға орнында барлық күш құрылымдары жұмыс істеді. Бұл баспана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тұрғызылған. Қабырғасы қамыспен нығыздалған үй қалпына келтіруге жарамауы мүмкін дейді, - дейді сала жауаптылары. Барлық тұрғындары қазір қауіпсіз жерге жайғастырылған. Жатар орын, ыстық тамақ мәселесі шешілген, деп мәлімдеді қала басшылығы.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгін арнайы сұхбат ұйымдастырған құтқарушылар тұрғын үйде орын алған апат табиғи газ салдарынан болған деп болжады.

Ерік Сарыбаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

Аталған тұрғын үй толығымен табиғи газбен жабдықталған. Ол жерде газ баллоны пайдаланылмаған. Болған жарылыс табиғи газдың шығуына байланысты, газды ауа құрамының жарылысынан орын алып отыр газ плитаны қосқан кезде. Ал ол газдың қай жақтан шыққаны бойынша қазір арнайы құрылған комиссия анықтап қорытынды шығарады.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Жиырма үш тұрғынның ешқайсысы зардап шеккенде тек қана материалды зардап шеккен. Олардың денесіне жарақат, өлу фактілері жоқ. Құдайға шүкір. Қазіргі таңдарда 8 пәтерлі тұрғын үйлердің үшеуі өздерінің туысқандарына орналасқан. Қалған бес пәтер иелерін семьясымен уақытша ТЭЦ-1 төңірегінде орналасқан бұрынғы МЖК жатақханасына жайғастырдық.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ