Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендермен ұялы байланыс та үзілді

AstanaTV
22.12.2014ж. 13:00
1404
Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендермен ұялы байланыс та үзілді

Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендермен ұялы байланыс та үзілді. Электр желілерінің бойына қатқан мұздың салмағынан сымдар үзіліп, тіпті 400 баған құлаған. Бұл туралы арнамызға Батыс Қазақстан облысы электр желілерін тарату компаниясы мамандары мәлім етті.

Төтенше жағдай салдырынан күні бүгін облыстағы Сырым, Қаратөбе мен Теректі және Бөрлі аудандарының 30 мыңнан аса тұрғыны жарықсыз отыр. Аталған ауыл аймақтың қараңғылық құшағында қалғанына 5-ші тәулік. Электр таратушы мекеме мамандары аталған ауылдармен ұялы байланыс та үзілгенін жеткізді. Электр жарығына жауаптылар бұл құбылыс соңғы үш жылдан бері қайталанып отырғанын айтады.

Қазір энергетиктер мен төтенше жағдай қызметінің мамандарынан жасақталған бригадалар электр желілерін мұздан тазартуға кіріскен. Ал әлеуметтік мекемелер дизельді генераторға қосылыпты.

Марат Жұмағалиев, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ директорының орынбасары:

Бригадалар жұмыс жасап жатыр, өткенде жаңағы екі аудан орталығы, светсіз отырған Қаратөбе ауданы орталығы мен Сырым ауданының орталығы - Жымпиты, олар қосылды. Қалаберді басқа елді мекендерде бригадалар жұмыс жасауда, әрі қарай жалғастырып жатыр жұмыстарын. Енді ана оның үстіне айрылған өзінен-өзі, кеше анау қырау тұрғанда қырауды көтере алмай сым үзіліп, опоралар құлап, солай болды ғой. 400-ге жақын опора құлап қалды. Тұрғызуға кірісіп жатырық, материалдарын тасып елді мекендерге.

Еркін ҚАРИН