$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Елбасы Киевке ресми сапармен аттанады

AstanaTV
22.12.2014ж. 13:00
1219
Елбасы Киевке ресми сапармен аттанады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Киевке ресми сапармен барады. Қазақстан Президенті Украина басшысымен бірге екі жақты қарым-қатынас, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, деп жоспарланған. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, кездесуде Украинадағы дағдарыс пен одан шығу жолдары төңірегінде әңгіме қозғалмақ. Ал күні кеше Киевте Украина және Белоруссия президенттері кездесті. Жабық жағдайда өткен жиын соңынан екі ел лидерлері журналистерге сұхбат берді. Лукашенко украиналық әріптесінің кез-келген өтінішін орындайтынын айтты. Десе де, ресейлік сарапшылар Белоруссия президенті Украина мен Ресей басшыларының өзара мәмілесіне ықпал ете алады дегенге күмән білдіріп жатыр.

Александр Лукашенко, Белоруссия президенті:

Белоруссия Украинаның кез келген өтінішін бір күнде орындайды. Бұрын да солай болған. Алдағы уақытта да солай болады. Бұл ойын емес. Екі ел арасындағы тауар айналымы зор, оған қоса біз көршілес, бауырлас елміз. Сондықтан, Белоруссия әрдайым Украинаны қолдайды.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА