$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Францияда «Аллаху акбар» деп айқайлаған жүргізуші 11 адамды қақты

AstanaTV
22.12.2014ж. 13:00
1097
Францияда «Аллаху акбар» деп айқайлаған жүргізуші 11 адамды қақты

Францияда жүргізуші «Аллаху акбар» деп айқайға басып, көлігімен жаяу жүргіншілерді басып өтті. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, 11 адам әлі ауруханада. Олардың екеуі ауыр халде. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда.

Белгілі болғандай, ер адам әуелі Вильсон алаңында 4 адамды басып, кейін тағы үш рет жүргіншілерді басуға әрекеттенген. Ақыры құқық қорғаушылар қылмыскерді ұстады. Қолға түскен кезде ол, «Палестина балалары үшін» деп ұрандатқан.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қылмыскер 1974 жылы туған, психикалық ауытқуы да бар екен. Қазір істі тергеуге антитеррорлық бөлім кіріскен.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА