$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Актуарийлер қоғамдық бірлестігі: Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сақтандыру компанияларына аудара алады

AstanaTV
22.01.2016ж. 20:00
1990
Актуарийлер қоғамдық бірлестігі: Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сақтандыру компанияларына аудара алады

Елуге толған әйелдер мен елу бестегі ер адамдар зейнетақы қорына жиған ақшаларын сақтандыру компанияларына аударып, табыс көре алады. Бұл туралы "Астана" арнасына отандық актуарийлер бірлестігі мәлімдеді. Бастысы, елуді еңсерген әйелдердің есепшотында 6 млн 200 мың, ал еректерде 8 млн болуы шарт. Мұндай сақтандыру аннуитетін сатып алғандарға өмір бақи төлем төленеді. Көлемі ең төменгі зейнетақыдан кем болмайды, оған қоса инвестициялық табыстың 5 пайызы және жыл сайын 5 пайыздық инфляция айырмасы төленеді.

Ақжарқын Қынықова, «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы:

Сақтандыру компанияларында өмір бақи төленетін зейнетақы аннуитеттері сатылады. Мәселен, 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы еркектер жинақтағы ақшасы жеткілікті болса, зейнетақы қорынан сақтандыру компанияларына аудара алады. Әрі қарай кестеге сай ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем төленеді, оған қоса 5 пайыз индексация алады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ