Еуропалық
одақ елдері Ресейге қарсы шектеулерді ұзарту жайлы сөз қозғай бастады. «Алайда
олардың арасында пікір қайшылығы бар»,- деп жазады «Коммерсант». Мәселен,
Австрия канцлері Вернер Файман: «Еуропа елдері Ресей экономикасында коллапс
болғанын қаламайды. Өз басым Ресейге
қарсы санкциялардан, анау айтқандай, рахат табамын деп айта алмаймын», - деді.
Мұндай ұстанымды өзге де саясаткерлер білдіріп отыр.
Алайда оқшау пікір
білдіргендер де бар. Италия премьері Маттео Ренци «ешкім де Ресейді тізерлеткісі келіп отырған
жоқ, дегенмен санкция мәселесінде сақ болғанымыз жөн» деген сыңайдағы ойын
айтты. Қысқасы Еуропалық одақ наурызға дейін нақты бір шешімге келуі тиіс. Тап сол кезде санкцияларды ұзарту-ұзартпау
туралы бір байлам жасалмақ.
Ал осы тұста Ресей астық экспортына баж салығын
салуды ұйғарды. Вице-премьер Аркадий Дворкович мәлімдегендей, 104 млн тонна
экспорттық потенциалы бар мемлекет 28 млн тонна астықты өзге елдерге сатуды
жоспарлады. Оның 21 млн тоннасы бүгінде
сырт елдерге шығарылып та үлгерген.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА