Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Белоруссияда валюта саудасына шектеу қойылды

AstanaTV
22.12.2014ж. 20:00
797
Белоруссияда валюта саудасына шектеу қойылды

Белоруссия 2017 жылға дейін елдің Ұлттық банкінен өзгелерге қор биржасынан тыс валюта саудалауға тыйым салды. Бұл туралы реттеуші орган таратқан ресми хабарламада айтылған.

Енді қаржылық қор биржасында шет ел валютасын алуға берілген өтініш қанағаттандырылуы үшін, міндетті түрде ең жоғары валюта бағамын көрсету шарт. Сарапшылардың пікірінше, осылайша ел билігі экономиканы барынша қауіпсіздендіруге тырысуда.

Жуырда Беларусь үкіметі валюта алушы  заңды және жеке тұлғаларға уақытша 30 пайыздық алым салған. Бұл шешім елде шетелдік валютаға деген сұраныстың күрт өсуінен кейін қабылданып отыр. Беларусь президенті үкіметке Ресеймен арадағы сауда-саттықты доллармен және еуромен жүргізу туралы тапсырма бергені мәлім. Ал жақында Лукашенко министрлер кабинетіне, қалай болғанда да, мүлдем басқа нарық табуды тапсырды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ