$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Еуробанк Украинаға 600 млн еуро бөлмек

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
902
Еуробанк Украинаға 600 млн еуро бөлмек

Украина халқы қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан, Жаңа жылға әзірленіп жатыр. Ал, Еуропа инвестициялық банкі Украинаға 600 миллион еуро қаражат бермек. Оның 400 миллионы орта және шағын бизнесті қолдауға, Ал, 200 миллион еуросы елді қалпына келтіруге жұмсалады, деп жоспарланған, - деп хабарлайды «ТАСС».

Экономикасы әбден әлсіреген Украинаға мұндай қолдау қаржы ауадай қажет. Елдің энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Александр Светеликтің айтуынша, қазір Украинада электр қуаты тапшылығы 3 млн киловаттқа жетті. Осыған байланысты жағдай ушығып тұр. Қуатты үнемдеу үшін қалаларда жарықтан ажырату басталды.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк энергетика министрлігіне елдегі барлық жарнама бағандарында, көшелер мен ғимараттарда түнгі жарықтарды сөндіруді бұйырған. Бұл бұйрық Киевке бағынбай отырған аймақтарда да орындалуы тиіс, - деп тапсырды Яценюк.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ