$480.55 €533.75 ₽5.36
×

АҚШ-та бензин бөлшек саудасы төмендеді

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
1222
АҚШ-та бензин бөлшек саудасы төмендеді

Америкада бензин арзандай бастады. Соңғы екі аптада жанармай құны 25 центке арзандап, галлонына 2,47 долларға түсті, деп хабарлайды «Лента.ру».

Ал, ең төменгі октанды отынның литрі - 65 цент. Осылайша, АҚШ-та бензин құны 2009-дың мамырында тіркелген минималды деңгейге түсіп отыр. Жанармай құю бекеттері қожайындарының арасында жүргізілген сауалнама - ең қымбат бензин Нью-Йорк маңындағы Лонг-Айленд аралында екенін анықтады. Онда төмен сұрыпты бензиннің галлоны, яғни 4,5 литрі - 2,82 доллар. Ал ең арзан отын Оклахомада - галлоны 2,06 доллар.

Сарапшылар бағаның құлдырауын әлемдік нарықтағы мұнай құнының арзандығымен байланыстыруда. Екі аптаның төңірегінде Нью-Йорк тауар биржасында «қара алтын» 14 пайызға құнсызданды. Сарапшылар сондай-ақ, мұнайдың бұдан әрі арзандауына байланысты бензин құны да төмендей бермек, деген болжам жасауда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ