Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы 9 пайызға өседі

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
1092
Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы 9 пайызға өседі

Елімізде келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнатақы 9 пайызға өседі. Сондай-ақ, мемлекеттік қордан тағайындалатын әлеуметтік сақтандыру көлемі 7 пайызға жоғарыламақ.

Үкімет бекіткен қаулыда 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан барлық зейнеткерлердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, әскери қызметте болған азаматтардың өтемақысы көтерілсін делінген.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңындағы салтанатты жиында әлемдегі күрделі экономикалық жағдайда еліміз зейнетақы мен жалақы көлемін көтере алмаса да, бүгінгі деңгейінде ұстап тұруға тырысады, деген болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық