$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

AstanaTV
23.12.2014ж. 10:00
1129
Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады «Қазақпарат».

Солтүстік пен солтүстік-батыста жаяу борасын көтеріледі. Республиканың шығысында, орталығы мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасындатады. Ақтөбе облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ, алдағы күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы кей өзендерде күннің жылынуына байланысты мұз қатуының әлсіреуі байқалады. Су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА