Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар әрдайым мемлекет тарапынан қолдау алып отырады

AstanaTV
23.12.2014ж. 20:00
958
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар әрдайым мемлекет тарапынан қолдау алып отырады

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар әрдайым мемлекет тарапынан қолдау алып отырады. Бүгін вице-министр Бердібек Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде осылай деді. Айтуынша, үстіміздегі жылы аталмыш ұйымдардың 1900 әлеуметтік жобасы іске асқан. Бұл мақсатта бюджеттен 7 миллиард теңге жұмсалған. Ал келер жылы әлеуметтік жобаларды қолдау көлемі өсе бермек.

Сондай-ақ, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдар үшін грант пен сыйақыларды енгізу, ар-намыс кодексі және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы Қазақстан Азаматтық альянсы бастамалары талқыланды.

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті:

Үкіметтік емес ұйымдардың арасында қазір проблемалар толып кетті. Қаржы мәселесі, саяси мәселелер, жобаларды нақтылау, жүргізу мәселелері. Әсіресе көптеген үкіметтік емес ұжымдар жабылып қалды. Әсіресе, ауылдарда, аудандарда. Сондықтан біз осы мәселені көтергіміз келіп отыр.

Жұрағат БАМАН