$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қазақстан футбол федерациясында жаңа президент

AstanaTV
24.12.2014ж. 13:00
1084
Қазақстан футбол федерациясында жаңа президент

Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында Әділбек Жақсыбековтің төрағалықтан босау туралы өтініші қабылданды. Ол жеті жыл бойы федерацияға жетекшілік етіп келген болатын. Астана әкімі құзіреттен неліктен бас тартқанын ақпарат құралдарына түсіндірді.

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

Жыл басы, жаңа чемпионаттың бастамасы, ұлттық құрама ойындарына дайындық. Наурыз айында жауапты ойындар күтілуде. Сондықтан, федерацияның жаңа басшысына ойлануға, жетік түсінуге және алдағы ойындарға сақадай сай болуына уақыт жеткілікті.

ФИФА - Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін төс белгімен марапаттады. Сонымен қатар, УЕФА президенті Мишель Платини де алғысын білдірді. Федерация президентінің орынтағына жалғыз ғана үміткер болды. Жақсыбеков оны өзі ұсынған көрінеді. Енді ел футболының дамуына Ерлан Қожығапанов білек сыбана кіріспек.

Ерлан Қожығапанов, ҚР футбол федерациясының сайланған президенті:

Қазақстан футбол федерациясындағы басты міндетердің бірі - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту деп білемін. Сондай-ақ, футбол бойынша Қазақстан чемпионаттарының рөлін арттыруды көздеймін. Ұлттық құраманы одан әрі дамыту. Ойын деңгейін көтеріп, тартысты күрес жүргізуді, әділ қазылық ету және стадионға келетін жанкүйерлер санын көбейтуді қолға аламын.

Заңғар САНАЙ