$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қостанайда лицей оқушыларының улануы бойынша іс қозғалды

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1415
Қостанайда лицей оқушыларының улануы бойынша іс қозғалды

Қостанайда тағы оқушылар жаппай тамақтан ұшынды. Бұл жолы Қазақ-түрік лицейінің 16 шәкірті астан уланып, алтауы ауруханаға жатқызылды. Лицей шәкірттері кеше кешке қарай науқастана бастапты. Олардың барлығының іші ауырып, лоқсып, қызуы көтерілген. Білім ордасының басшылығы бұрын-соңды мұндай оқыс оқиға болмағандығын айтады.

Ержан Мырзабаев, Қостанай Қазақ-түрік лицейінің басшысы:

Өзіміздің асханамыз. Өзіміздің аспазшыларымыз. Бәрін дайындайтын. Қаншама жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан. Бұрны мұндай оқиға ешқашан болмаған. Сондықтан, оның қалай, қайдан болуын қарастырып жатырмыз. Тексеріс нәтижелерінен кейін толығырақ мәлімет береміз деп ойлаймын.

Қазір білім ордасында күнделікті кесте бойынша сабақ өтіп жатыр. Бірақ, мектеп асханасында санитарлық мамандар мен қатар полицейлер тексеру шараларын жүргізуде. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, оқушылардың тамақтан улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлады.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Қазақ-түрік лицейінің оқушыларын уланып қалуына байланысты полицейлер ҚР ҚК 267-бабы бойынша, яғни санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Қозғалған іс аясында сараптама тағайындалды.

Заңғар САНАЙ