Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ІІМ тіркелім мәселесін түсіндірді

AstanaTV
24.12.2014ж. 20:00
995
ІІМ тіркелім мәселесін түсіндірді

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелмеген азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту туралы тармақ қолданыстағы заңда бұрыннан бар. Бұл жолы заңға тек өзгерістер енгізілген. Оған сай тіркеусіз қонақ ретінде тұру мерзімі 10 күннен бір айға дейін ұзартылған. Сондай-ақ, бұрын бұл талапты ескермегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыпұл салынса, қазір ол 3 айлық есептік көрсеткішке кеміген. Тіркеу туралы елді дүрліктірген ақпаратқа қатысты мән-жайды бүгін Мәжіліс қабырғасында Ішкі Істер министрлігі көші-қон департаментінің бастығы түсіндіріп берді.

Серік Саинов, ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы:

Бұл біз бірден әр пәтердің есігін қағып тексеруге кірісеміз деген сөз емес. Егер нақты біреуден шағым түссе ғана, әрекет етеміз. Мысалы, көршімнің үйінде 20 шақты адам көптен бері тұрып жатыр деп біреу хабарласса, тексереміз. Заңбұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік жауапқа тартамыз.

Министрлік өкілінің айтуынша, алып шаһарларда пәтер жалдап тұратындар қожайынмен келісіп, сол пәтердің өзіне тіркелуі тиіс. Әйтпесе, артық адам басы үшін, қожайынның өзі жауапқа тартылады. 

Серік Саинов, ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы:

Вы здесь приходите в ЦОН, если хозяин квартиры дает вам возможность зарегистрироваться.  - Если не дает хозяин, потому что квартплата больше будет? - Если на дает, будут его теперь привлекать, понимаете. Ну, это должно быть цивилизованно.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ