Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда тұманнан елуге жуық әуе рейсі кідірді

AstanaTV
24.12.2014ж. 20:00
1126
Алматыда тұманнан елуге жуық әуе рейсі кідірді

Бүгін Алматыда елуге жуық әуе рейсі кідірді. Халықаралық және ішкі бағыттағы ұшақтар ұша да алмады, қона да алмады. Әуежай қызметкерлерінің тілшілерімізге берген ақпараты бойынша, әуе кемелері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешеуілдеді. Нақтырақ айтсақ, «Скат», «ҚазЭйрДжет», «ТрансАэро», «Туркиш Эйрлайнс», «Эйр Астана» компанияларының әуе көліктері қалың тұман салдарынан кешікті.

Жолдан қалғандар таңертеңнен түске дейін тұманның сейілуін күтуге мәжбүр болды. «Тек түс ауа әуе тасымалы қалыпқа келтірілді», - деді әуежай қызметкерлері. Қазіргі уақытта терминалда ұшақ күткен жолаушылар қатары біртіндеп азайған. «Эйр Астана» әуе компаниясы өкілдері өздерінің 13 рейсі кестеден кешіккенін айтты. Сонымен қатар, 3 рейс мүлде шегерілген. Тіпті қалың тұманның кесірінен «Эйр Астананың» Алматыға бағыт алған 3 ұшағы қосалқы әуежайларға қоныпты. Екеуі Қарағандыға, біреуі Астанаға қонған.

Сәуле Серғазинова, «Эйр Астана» әуе компаниясының әлеуметтік мәселелер бойынша үйлестірушісі:

13 рейс ұшу және қону кестесінен кешіктірілді. Бұл неге байланысты десеңіз - біздің компания халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайды. Сондықтан тұманның шекті нормасы төмен болғандықтан, рейстерді тоқтатуға тура келді. 

Берік ХАСЕНОВ