$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Девальвация туралы сұрақ - өзекті емес

AstanaTV
24.12.2014ж. 20:00
1442
Девальвация туралы сұрақ - өзекті емес

«Девальвация туралы сұрақ - өзекті емес. Қазақстандықтардың алаңдауына негіз жоқ». Осылай деп Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, жұртқа басу айтты. Алайда ол бұл тек өзінің пікірі екенін және Ұлттық банк позициясына қатысы жоғын жазған.

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі бүгін «Астана» телеарнасының сұрақтарына да жауап беріп, рубльдің соңғы үш күнде тұрақталғанын айтып, Ресей билігі ұлттық валютасын 45-50 доллар диапазонына жылжыта алады деген үмітін білдірді. Сонымен қатар ол тек жалақыдан жалақыға дейін күн көріп отырған адамдар қор нарығына қатысып, акцияларды сатып алып, шығынданбағаны дұрыс деген кеңес берді.

Олжас Құдайбергенов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі: 

Ресей рублінің көрсеткіші - Қазақстан экономикасы үшін төзуге болатын жайт. Жалпы болжам жасау қиын. Саяси факторлар көп. Және қазір рубль динамикасы әкімшілік әдістерге тәуелді болып отыр. Мен сын көрсеткішті 52 деп есептедім. Ал Ресейде инфляция деңгейі өсіп жатқанын ескерсек, көрсеткіш 55-ке жетуі мүмкін. Ал егер рубль позициясын нықтап, 1 доллар үшін 50 рубльді көрсетсе, мұның бізге әсері болады, бірақ айтарлықтай қатты соқпайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ