$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Венесуэла дефолттың аз-ақ алдында

AstanaTV
24.12.2014ж. 20:00
1010
Венесуэла дефолттың аз-ақ алдында

Венесуэла дефолттың аз-ақ алдында. Bloomberg агенттігі сарапшылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесі бойынша 2015 жылы Венесуэлада дефолт болу ықтималдығы 97 пайызға жетіп отырғанын жазды.

Екі жыл бұрын сарапшылар болжамдары 50 пайыз ықтималдықты байқатқан-ды. Ел экономикасы толықтай мұнай экспортына тәуелді. Дегенмен қара алтын құны қазіргіден екі есе қымбат болғанда да, экономикаға қара бұлт үйірілген.

Бар гәп Венесуэлада валюта қорының таусылуында. Каракас қорында бар болғаны 21 млрд доллар қалыпты. Дегенмен бұл сома тәуекелмен күресуге жетерлік екен. Ел экономикасы тығырықтан, мұнай бағасы қымбаттаса ғана, шыға алады. Алайда 21 желтоқсанда ОПЕК мұнай өндірісін қысқартпайтынын жариялағаны мәлім.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА