Жеті
жастағы Виктория Ганяны аса қатігездікпен өлтірген айыпталушыға қатысты
қылмыстық іс сот қарауына түсті. Бұл туралы Қостанай облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы мәлімдеді.
Еске
салайық, оқушы үстіміздегі жылдың сәуірінде із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
Кішкентай қызды іздестіру шарасына 3 мыңнан астам адам қатысып, жүздеген сарбаз
бен тәртіп сақшылары жұмылдырылды.
Алайда, бір айдан соң еріктілер жасағы
оның денесін тапты. Сол тұста полицейлер қаршадай қызды 30-35 жастағы ер адам
ұрлап кетуі мүмкін деген ақпар таратқан еді. Тіпті Викторияның өліміне қатысты
бірнеше күдікті ұсталды. Бірақ, сот өкілдерінің мәлімдеуінше,
айыпталушы 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Сот өкілдері
таратқан ақпарға сай, айыпталушы 17 эпизод бойынша қылмыс жасаған. 31 жасар
қала тұрғынының қолынан Викториядан басқа тағы бірнеше жеткіншек қаза тапқан.
Шолпан
Қасымова, Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы:
Айыпталушы
азаматқа 17 бап бойынша айып тағылып
отыр. Олардың арасында ұрлық, кәмелетке толмаған жеткіншектерді ұрлау және зорлау
және 4 кісіні өлтіру фактілері бар. Қазіргі таңда іс судья Ұзақбаеваның
қарауына берілді. Бірақ алдын ала тыңдалымның уақыты әлі
тағайындалған жоқ.
Заңғар САНАЙ