Қызылжарда қоғамдық көлік
жүргізушілері бір күннің ішінде 273 жол жүру ережесін бұзған. Жергілікті
полицейлер, қаңтардың 19-ы күні «Автобус» жедел апаттың алдын алу шарасын
бастап, қаладағы қоғамдық көліктерді қатаң бақылауға алды.
Екі күннің ішінде
барлығы төрт жүзден астам заңбұзушылық анықталған. Жол сақшыларының дерегінше,
арнайы тексеріс кезінде қоғамдық көлік тізгінін ұстаған бір азаматтың жүргізуші
куәлігінен былтырғы жылдың сәуір айында айырылыпты. Бірақ соған қарамастан,
автобусты басқарып келген. Бұдан бөлек, 4 «А» бағытындағы жүргізушісі ішімдік
пайдаланған деп отыр. Енді автобус жүргізушілерімен бірге, автопарк механигі
мен автобус бағытының басшысы әкімшілік жауапқа тартылмақ.
Кеше сыраның үш банкісін іштім.
Қазір мас емеспін. Есім дұрыс. Таңертен автобуспен көшеге шығар кезде ұсталдым.
Қанат Айтбаев, СҚО ІІД
жергілікті полиция қызметінің басшысы:
Заң бұзушылықтарға байланысты
арнайы хаттама толтырып, сотқа жолданды. Бұл азаматтар әкімшілік жазаға
тартылады. Егер де олар ережені бұза берсе, онда қоғамдық көлік бағытының
басшылығы лицензиядан айырылады.
Абзал ҚҰРМАНКИН