Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы ел экономикасы мен ішкі-сыртқы саясатына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады

AstanaTV
25.12.2014ж. 20:00
1527
Елбасы ел экономикасы мен ішкі-сыртқы саясатына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады

Дәстүрлі телекөпірді қорытындылай келе, Елбасы ел экономикасы мен ішкі-сыртқы саясатына қатысты бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады. Мемлекет басшысы: «Индустриялық бағдарламаның екінші бес жылдығындағы маңызды мақсаттардың бірі - экономиканы диверсификациялау», - деді. Яғни Қазақстан шикізатты экономикадан индустриялды экономикаға қадам басады, деді. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз әр уақытта Қазақстанның табиғаты бай, қойнауында темір де бар, мұнай да бар, газ да бар, алтын, күміс, мырыш бәрі бар, деп жүрдік. Бірақ та сол байлықтың барлығын шикізат ретінде басқа елдерге тасымалдап, қызығын сол елдер көріп жатты. Қазір ғана біздің қолымыз жетіп, мүмкіншілігіміз сол сыртта жасап жатқан байлықты, қосымша табыстарды елімізге әкелуге бет бұрдық.

Өндіруші елден өңдеуші мемлекетке айналу мәселесі де Елбасы назарынан тыс қалмады. «Ішкі сұранысты ел сыртынан іздеп, біреуге тәуелді болуды да доғару керек», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Мұнайдың бағасы 120-дан 60 долларға түсті, газ да солай болатын болды. Басқа сыртқа шығарып жатқан заттарымыздың да бағасы солай болады. Егер де біз соның барлығын өз ішімізде өңдейтін болсақ, біздің мұртымызды балта шаппас еді.

Мемлекеттік міндетті арқалаған шенділерге деген талап та күшейтілмек. Сондай-ақ қоғамның қас жауы - жемқорлықпен - күрес жалғасады. Бұл мәселеде Ұлттық қордан жаңа экономикалық даму жоспарына бөлінген қаражаттың әрбір тиыны тиісті мақсатта тағы тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Мен құрған комиссия Ұлттық қордан бөлінген әрбір тиіннің мақсатты жұмсалуын қадағалауы тиіс, тіпті қажет болса, қаржы полициясы, прокуратура бар күшін осы бағытта жұмылдырсын. Қолының сұғы бар шенеунікті ұстап, қатаң түрде қамауға алсын. Инфраструктуралық жобалар бойынша жиналыстардың барлығы шенеуніктің жылы кабинетінде емес, құрылыс алаңдарында өткізілсін. Жаңа технологиялардың бар кезінде мен өз жұмыс кабинетімнен әрбір облыста жасалып жатқан жұмысты бақылайтын қондарғы орнатқызамын. Премьер-министрге де, қажет болса, орнатып берейін.

Халқын үшінші индустриялық төңкеріске шақырған Елбасы Украинадағы саяси төңкерістің зардаптарынан сабақ алуға үндеді. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ғана үлкен экономикалық табыстарға жетпек. «Қоғамынан бірлік қашқан елдің берекесі кетіп, билік басындағылар жағдайды түзер жолды таппай әлек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

Я призываю всех лидеров государств лично, персонально встретиться, сесть за стол переговоров, найти компромисс, остановить все это - вакханалию - и установить нормальную жизнь всех государств. Там корень всех проблем - нет стабильности и согласия в обществе, поэтому экономика не работает. Некому этим заниматься. Поэтому люди нуждаются там в элементарном. Нет света, веерные отключения. Где? В Украине. Нельзя же с Кыргызстаном ее сравнивать.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ