$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте сапасыз жұмыс үшін құрылыс компанияға айыппүл салынды

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1381
Шымкентте сапасыз жұмыс үшін құрылыс компанияға айыппүл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысында 35 құрылыс компаниясы «қара тізімге» ілікті. Енді олар келер жылы өңірдегі бірде бір құрылыс жұмыстарына қатыса алмауы мүмкін. Облыстық құрылыс басқармасы «жосықсыз» деп таныған мердігерлердің ісі сотта қаралып жатыр.

Ермек Қыдыров, ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Оның қазір 16-сы қанағаттандырылды. Қанағаттандырусыз қалдырылған 15 нысан болатын. Сол 15 нысанның біз қазір тоғыз нысанына қайтадан апелляциялық сотқа беріп, қарап отырмыз. Және осы конкурста «жосықсыз» деп танылушы өкіметке 4 млн 117 мың теңгедей айыппұл салынды. Бұл - тендерге дұрыс қатыспауына байланысты.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Қыдыровтың мәлімдеуінше, екі жүзге жуық нысанның құрылысы барысында келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмаған. Белгіленген кестеден кешігіп, жұмысты сапасыз орындаған мердігерлерден 30 млн теңгеден астам айыппұл өндіріліпті.

Айта кетейік, биыл өңірде 306 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 148-і келер жылға өтпелі. Білім беру саласы бойынша салынып жатқан 115 нысанның 41-і пайдалануға берілген. Денсаулық саласы бойынша 68 нысанның 53-інің құрылысы біткен. Жаңа жылға дейін тапсырылады деп күтілген ғимаратттың төртеуі келер жылдың еншісіне қалып қойды. Спорт саласы бойынша 13 нысанның құрылысы жүргізіліп, салтанатты түрде ашылғаны төртеу ғана.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ