×

Швецияда мешіт өртке оранды

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1330
Швецияда мешіт өртке оранды

Швецияның Эскильстун қаласында мешітке өрт қойылды, деп хабарлайды «Рейтерс», жергілікті полицияға сілтеме жасап. Бұл кезде мешітте шамамен 20 адам болған деген мәлімет бар. Абырой болғанда, барлығы да отқа оранған ғимараттан аман шықты. 5 адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға куә болғандардың айтуларынша, бәз біреу мешітке белгіссіз зат лақтырып кеткен. Құқық қорғаушылар әзірге кінәліні тапқан жоқ. Іздестіру амалдары жалғасуда.

«Рейтерстің» хабарлауынша, бүгінде елде иммиграцияға қатысты бас ашылмаған сұрақтар көп. «Швед демократтары» партиясы мигранттарға баспана беру жеңілдігін 90 пайызға қысқартуды талап етуде. Осы орайда айта кететін жайт, мигранттардың басым көпшілігі осы Эксильстун қаласында қоныстанған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА