$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Гонконгта тағы ереуіл

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1435
Гонконгта тағы ереуіл

Гонконг полициясы тыйылмай отырған наразылық шаралары барысында 37 шерушіні тұтқындады, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Ереуілге шыққандар Монг-Кок округының бірнеше жолын басып алса керек. Наразылық шаралары Гонконг қаласында сәрсенбі күні де өткен. Сол кезде құқық қорғаушылар ең белсенді 12 шерушіні қолға түсірген болатын.

Айта өтейік, халық жергілікті билікке басқарушыларды сайлау демократиялық түрде өтсін деп талап етуде.

Еске салсақ, ереуілдер 26 қыркүйектен бастау алған. Шерушілердің басым бөлігі студенттер. Ресми Бейжің 2017 жылы олардың талаптарын орындауға уәде берді. Алайда, Қытай кандидаттардың барлығын алдын ала іріктейтінін мәлімдеді. Гонконг тұрғындары бұл ұсынысты қабыл алмады, олар толық демократияны талап етуде. Сондай-ақ, қала үкіметінің басшысы Лян Чжэньиннің отставкаға кетуін қалайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА