Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскемендіктер ауа райының күрт жылып кеткеніне таңырқап та, қуанып та жүр

AstanaTV
26.12.2014ж. 13:00
1395
Өскемендіктер ауа райының күрт жылып кеткеніне таңырқап та, қуанып та жүр

Өскемендіктер ауа райының күрт жылып кеткеніне таңырқап та, қуанып та жүр. Өздерін «12 ай» ертегісіндегідей, қыс ортасында көктемге тап болғандай сезінуде.

Термометр +3, +5 градус көрсетіп тұр. Қардың тез ерігені соншалық, аула тазалаушылар күректі сыпырғышқа айырбастап алды. Ара-тұра өткінші жаңбыр жауып тұр. Қала сыртындағы еңістерден аққан суды, жерді жырып ағызып жіберуге тура келді. Жерден жасыл шөп қылтияды. Синоптиктер, аймаққа шамадан тыс ылғалды Атлантикалық циклонның әкелгенін айтуда. Дәрігерлер тұрғындарға жылы киініп, дәрумендер ішіп жүруге кеңес берді.

Любовь Бухтоярова, ШҚО «Қазгидромет» филиалының инженер-синоптигі:

Алдағы 2 күн облыста күн 0 градусқа дейін жылынады. Түнде 5 градус суытып, қатты жел соғады. Бірақ, жексенбіден бастап циклонды суық арктика ауасы алмастырады. Жауын-шашын тоқтап, күн минус 15-20 градус, кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз тұрады. Ал, күндіз 12-17 градус суық болады.

Айжан КУАШ