Өскеменде ерекше акция өтті. Балалар
ересектерге Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Қалалық
балалар мен жасөспірімдер клубының жүзге жуық тәрбиеленушісі көшеде өтіп бара
жатқан адамдарға кәдесыйлар тарту етті.
Игі шара - балалардың өз
бастамасы. Олар мереке қарсаңында ерекше, адам сүйсінерлік бір нәрсе ойлап
табуды мақсат етіпті. Бір ай бойына өз қолдарынан кәдесыйлар жасаған. Ұстаздары
бастамашы топқа қолдау білдіріп, олардың қиялына кедергі жасамағандарын айтады.
Құрастыру, бір-біріне жапсыру арқылы жасалған бұйымдар арасында, жыл белгісі - қой, жан-жануарлар бейтаныс адамдардың
езуіне еріксіз күлкі үйірді.
Мерекелік акцияға ата-аналар да қосылған. Осылайша, игі
бастама көшедегі адамдарға көтеріңкі көңіл күй ғана емес, ата-аналарға
балалықты еске алуға сеп болды, дейді ұстаздар. Шара соңында жиналғандар тілек
шамдарын ұшырды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ