$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ардагерлерді құттықтау жалпы ұлттық акция Оралда да жалғасын тапты

AstanaTV
29.12.2014ж. 13:00
1521
Ардагерлерді құттықтау жалпы ұлттық акция Оралда да жалғасын тапты

Жалпы ұлттық акция Оралда да жалғасын тапты. Облыс, қала, аудан әкімдері майдангерлерді құттықтап, Елбасының жаңа жылдық сыйлығын табыстауға кірісті.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы бірқатар ардагерлердің шаңырағында болды. Отан үшін от кешкен қарт жауынгерлерге тарту-таралғы жасап, мейраммен құттықтаған аймақ басшысы оларға арнап ән салды.

Желтоқсанның 26-сы мен 30-ы аралығында еліміздегі 5 мың 115 майдангердің барлығы құрметке бөленеді. Жастық жылдарын майдан даласында өткізген жандарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы құттықтады. Келер 2015 жылы Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл толады. Ал, ТМД аумағында бұл жыл - Ардагер жылы аталмақ.

Еркін ҚАРИН