Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандылық соғыс ардагерлері Елбасының құттықтау хатын алды

AstanaTV
29.12.2014ж. 13:00
1255
Қарағандылық соғыс ардагерлері Елбасының құттықтау хатын алды

Қарағандылық соғыс ардагерлері Елбасының құттықтау хатын алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне және Жеңістің 70 жылдық мерейтойына байланысты ізгі тілегі жолданған. Ерекше сыйды қарияларға облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жеткізді.

90 жастағы майдангер Қамали Дүйсембеков Президент құттықтауын аймақта бірінші болып алды. Қария соғысқа 17 жасында аттанған. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, Украинаны азат етуге ат салысады. 1945 жылы Мәскеудегі Жеңіс шеруіне де қатысқан. Көптеген марапатының арасында үш «Даңқ» ордені, «Отан соғысы» және «Құрмет» ордендері бар. Майдангер елдегі саясатқа қанық екенін, үнемі ел ағаларын қолдап жүретінін жеткізді. Мемлекет басшысына ерекше құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған ардагерлерді қолдаудың жалпы ұлттық акциясы облыстың барлық аудан-қалаларын қамтиды. Елбасының хаты Қарағанды өңірінде тұратын 377 ардагерге табысталмақ.

Қамали Дүйсембеков, Отан соғысының ардагері:

Бүгін бізді елеп, арнайы хат жіберіп, сәлемдесуінің өзі - ол кісінің даналығы, халықты ойлайтындығы. Еліміз, халқымыз Президентпен бірге. Халқымызға амандық, мол байлық, Президентімізге денсаулық тілеймін. Рақмет.

Айжан КУАШ