Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Индонезияда жоқ болған Air Asia ұшағын іздестіру жұмыстары қайта басталды

AstanaTV
29.12.2014ж. 20:00
925
Индонезияда жоқ болған Air Asia ұшағын іздестіру жұмыстары қайта басталды

Индонезияда ұшты-күйлі жоқ болған Air Asia ұшағын іздестіру жұмыстары қайта басталды. «Рейтерстің» хабарлауынша, бұл шараға 30 кеме мен 50 ұшақ қатыстырылған. Іздеу аумағы да кеңейтілді. Малайзия, Австралия, Сингапур мен Оңтүстік Корея елдері көмекке тартылған. Ұшақ бортында болған 155 жолаушының туған-туыстары оларды тірі көретініне әлі де үмітті. Дегенмен, жолаушылар аман-есен табылады деген сенім сәт санап азайып барады. Ал Инденезия вице-президенті Юсуф Калла, алдын ала болжам бойынша, Малайзияның әуе лайнері апатқа ұшырады деген қатқыл мәлімдеме жасап үлгерді.

Малазиялық «Air Asia» компаниясының «Аirbus А-320-200» ұшағымен байланыс Ява теңізі үстінде Борнео аралы маңында жоғалды. Ол Индонезияның Сурабая қаласынан ұшып шыққан соң, 42 минут өткенде, ғайып болды. Лайнер экипажы апат туралы ешқандай белгі бермеген. Немесе беріп үлгермеген. Алдын ала болжам бойынша, әуе кемесі турбулентті аймаққа тап болып, бағытын өзгертемін дегенде, теңізге құлауы ықтимал. Бұл болжам ғана. Әйтсе де, ұшақтың жоғалғанына 6 сағаттан асты. Сондықтан оның әуеде қалықтап жүруі мүмкін емес.

Бамбанг Соелисто, Индонезия құтқару агенттігінің жетекшісі:

Теңізді 7 сектор бойынша сүзіп шықтық. Ұшақтың байланысқа шыққан кездегі соңғы координаттарын негізге алып, құлауы мүмкін деген аймақтарды қарап жатырмыз. Сөйтіп лайнер теңіз түбінде деген болжам бар. 

Апатқа ұшыраған ұшаққа 23 жолаушы мінбей қалған. Оның арасында бір отбасының 10 мүшесі бар. Рейске кешкен азаматтарды қазір әлемдік ақпарат құралдары  періштелері қақты деп жазуда. 

Біз қатты қайғырып тұрмыз. Бұл ұшақта біздің немереміз болған.

Мен достарыммен бірге ұшу керек болғам, бірақ соңғы уақытта бір шаруаларым шығып қалды. Апаттан бір күн бұрын олардан «2015 жылы кездесеміз» деген хабарлама алдым.

«Ұшақтың техникалық ақауы болмаған», - дейді мамандар. Ол рейске шығар алдында тексерістен толық өткен. Дегенмен Индонезияның вице-президенті Юсуф Калла, ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін деген, болжамын айтты. 

Юсуф Калла, Индонезия вице-президенті:

Ұшақ апатқа ұшыраған болуы керек. Сондықтан Малайзия, Сингапур, мен Австралия мемлекеттерінен іздеу шараларына көмек күтеміз.

Іздеу жұмыстарына 30 кеме мен 50 ұшақ жұмылдырылды. Айта кетерлігі, бұл малазиялық әуе команиясының ұшты-күйлі жоғалып кеткен екінші лайнері. 8 наурызда Куала-Лумпур-Бейжің бағыты бойынша ұшып шыққан «Boeing 777-200» әуе кемесі ғайып болған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ