$448.13 €478.33 ₽5.58
×

Индонезия әскерилері Air Asia ұшағына қатысты жаңа дерек таратты

AstanaTV
30.12.2014ж. 10:00
1054
Индонезия әскерилері Air Asia ұшағына қатысты жаңа дерек таратты

«Индонезия әскери әуе күштері Air Asia ұшағы жоғалды деген аумақтағы теңіз бетінен мұнай дақтарын тапты», - деп хабарлайды «Global News». Шетелдік басылымның  хабарлауынша, мұнай дақтары ұшақ радардан жоғалған жерден кездескен. Қазір бұл мұнайдың жоғалған лайнерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал бұған дейін австралиялық ұшқыштар Ява теңізінің бетінінен күдікті заттарды байқағанын хабарлаған еді. Алайда бірнеше сағаттан соң Индонезия вице-президенті Юсуф Калла бұл бөлшектер ұшақ бөлшектері емес деген мәлімдеме жасады. Сонымен қатар Индонезия құтқарушылары лайнер жоғалған аймақтан қалың түтін көрдік деген куәгерлердің де  ақпаратын тексеріп жатыр. Бұл туралы «CBS News» арнасына сілтеме жасап, «Лента ру» жазды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ